Індет жұқтырған дәрігер Путинмен бірге жүрген

31 наурыз, 20:56

Фото: 53news.ru

Коммунаркадағы жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Денис Проценкоға коронавирус диагнозы қойылды. Ресей астанасындағы бұл аурухана қазір Covid-19 инфекциясын жұқтырған адамдарды емдеумен айналысып жатыр.

Алматы, NEGE. Өткен аптада емдеу мекемесіне Ресей президенті В.Путин келіп-кеткен деп хабарлайды BBC. Ал бас дәрігердің ауру жұқтырғаны 31 наурыз күні белгілі болған.

Ел басшысының сапарында бас дәрігер президентті аурухана жұмыстарымен таныстырып, қасында бірге жүрген. Тіпті олар қол алысып амандасқан.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір Проценконың жағдайы жақсы. Ол өзі басқаратын ауруханада ем қабылдап жатыр.

«Ия, менде CoV инфекциясы бар, бірақ өзімді жақсы сезінемін. Жұмысымнан оқшауландым, бірақ қашықтан жұмыс істеуге, менеджмент пен телемедициналық құрал-жабдықтар толық мүмкіндік береді» деп жазған ол Facebook желісіндегі парақшасында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации