Германия кәсіпкерлерге қайтарымсыз 50 млрд еуро бөлді

31 наурыз, 11:14

Фото: facebook.com

Германия үкіметі коронавирус салдарынан шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге жәрдем беру бағдарламасын бекітті. Билік бұл мақсатқа 50 миллиард еуро бөледі.

Алматы, NEGE. Мәселен, қызметкерлер саны бес адамнан аспайтын фирмаларға 9 мың еуро, ал қызметкерлер саны оннан аспайтын компанияларға 15 мың еуродан бөлінеді.

Бұл қаражат қайтарымсыз, дегенмен, оны алу үшін компания өз шығындарын дәлелдеуі тиіс.

«Бұл көмек – осы бағыттағы алғашқы қадамымыз. Жұмыс орындарының қысқаруы мен фирмалардың күйзелісіне жол бермес үшін бұл қаражатты мүмкіндігінше тез бөлуге ниеттіміз», – дейді Германияның экономика министрі Петер Альтмайер.

Бұнымен қатар кәсіпкерлерге салық жеңілдіктері де қарастырылған. Сондай-ақ олар төмен процентпен несие алуларына болады.

Дегенмен, сарапшылар «орта бизнес саласындағы әрбір оныншы кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін» деген болжам жасауда.

Мысалы, Германия экономикасының арқасүйер саласы – автокөлік өндірісінде жүз мыңға жуық жұмыс орны қысқаруы мүмкін. Өйткені пандемия салдарынан көліктерге сұраныс 15%-ке төмендеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации