Ганг өзені тазарды

06 сәуір, 11:18

Фото: ғаламтордан алынды

Карантиннен табиғат жаңарып, түлеп жатыр.

Алматы, NEGE. Үндістандағы Ганг өзенінің суы тазара түскен. Жүздеген зауыттардан келіп құятын ағын сулардың көлемі азайды. Ганг – үнділер үшін қасиетті және Гималайдан Бенгал шығанағына дейін созылатын Үндістандағы ең ұзын өзен. Айта өту керек, елде карантин режимі 15 сәуірге дейін ұзартылды. Коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңнан асты, 117 өлім тіркелді. Бұл сандар АҚШ, Италия және Қытай сияқты елдермен салыстырғанда көп емес, дегенмен, мамандар бірер аптада инфекция өрши түседі деп болжайды. Варанаси қаласының тұрғыныСомна Вишвакарма: "Адамдар Ганганың суына шомылмайды, онда кір-қоңын жумайды. егер алдағы он күн және әрі қарай осылай жалғасатын болса, өзеннің суы бұрынғысынша тап-таза бола түседі" дейді. 

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации