Ғалымдар COVID-19 жұқпасының белгілері неше күнде шығатынын анықтады

22 наурыз, 11:38

Фото: ғаламтордан

Коронавирустың жұқпалы инкубациялық кезеңі орташа 5 күнге созылатын болып шықты. Мұны АҚШ-тағы Джон Хопкинс атындағы қоғамдық денсаулық сақтау Мектебінің жаңа зерттеулері анықтаған. Оның нәтижесі 14-күндік карантиннің аса маңызды екенін қуаттай түседі. 
Алматы,NEGE. Арудың инкубациялық мерзімі деп ауру жұққан кезден оның алғашқы белгілері пайда болған сәтке дейінгі аралықты айтады.Ғалымдар аурудың жұққан мерзімі анық болған көптеген оқиғаны зерттеген. Ухань қаласындағы осындай 180 оқиғаны бүге-шігесіне дейін қарастырған. Ғалымдардың айтуынша, бұл адамдардың 97,5 пайызында ауру белгілері 11 күн ішінде анықталған. Зерттеушілер 14 күндік карантинге оқшауланған 10 мың адамның тек 101-де ғана ауру белгісі карантиннен шыққан соң пайда болатынын есептеп шығарған.

Бұл 14 күндік карантиннің вирустың таралуын тежеуге және жалпы ауру жұқтыру жағдайын бақылауға алуға бірден бір себін тигізетін шара екенін дәлелдейді. 
Жаңа вируспен ауырудың инкубациялық мерзімін анықтау эпидемиологтарға індеттің таралу жылдамдығын бағалауға, ал денсаулық сақтау саласының өкілдеріне карантин секілді бақылауға алу шараларының тиімді жолдарын жасауға көмектеседі. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации