Гаага соты Ресей офицерлерін соттап жатыр

09 наурыз, 18:29

Фото: соnt.ws

2014 жылы Украинада құлаған Malaysia Airlines әуе компаниясының MH17 ұшағының апатына байланысты 9 наурызда Гаагада (Нидерланд) сот басталды. Бұл туралы azattyq.org хабарлады.

Алматы. NEGE. Қылмыстық іс бойынша, Ресей азаматтары Игорь Гиркин, Сергей Дубинский және Олег Пулатов; Украина азаматы Леонид Харченко 298 жолаушының өліміне айыпталған.

2014 жылы, Украина мен Ресей арасында қақтығыс күшейген тұста, Malaysia Airlines әуе компаниясының Амстердамнан Куала-Лумпурге ұшып шыққан MH17 рейсі Украинаның шығысында құлаған. Бұл уақытта Украинаның шығысы Ресей қолдайтын сепаратистердің бақылауында еді. 2014 жылы Мәскеуден қолдау көріп отырған сепаратистер Украинаның шығысын бақылауға алып, содан бері Украина әскерімен қақтығысып келеді.

Тергеушілер ұшақты Ресейдің «Бук» зымыран жүйесімен атып түсіргенін айтады. Апаттан ұшақтағы 298 адамның барлығы қаза болды. Олардың арасында 193 нидерландық, 43 малайзиялық, 38 австралиялық бар.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации