Француздар мен америкалықтар қытай маскаларына таласуда

06 сәуір, 14:20

Фото: kmr-logistic.com

Француз шенеуніктерінің сөзіне қарағанда, Францияның АҚШ-қа өкпесі қара қазандай. Себебі, Францияның коронавирустан қатты зардап шегіп жатқан аймақтарына Қытайдан ұшақ арқылы жеткізбек болған маскалары орта жолда қолды болған.

Алматы, NEGE. Маскалар Шанхай әуежайында тиеліп, ұшақ әне-міне дегенше ұшуы тиіс еді. Сонда американдықтар келіп, пәшкі-пәшкі ақшасын көрсетіп, үш есе баға ұсынып, жүкті түсіріп алып қалыпты. Бірақ АҚШ билігі француздар таққан айыпты үзілді-кесілді мойындамай отыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации