Францияда жарты миллионға жуық адамға айыппұл салынған

08 сәуір, 18:40

Фото: ғаламтордан алынды

Париж полициясы коронавирусқа байланысты енгізілген шектеу шараларын қадағалауды қатаңдатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Себебі шаһарда індетке қарамастан, өзін-өзі оқшаулау тәртібін бұзушылар тыйылмай отыр. Көшеде спортпен шұғылданып, дүкенге барушылар саны артқан. Осыған байланысты қалада жаяу патрульдер мен арнайы белгісі жоқ полиция көліктері көбейтілді. Кешеден бері таза ауада таңғы сағат 10-нан кешкі 7-ге дейін спортпен шұғылдауға тыйым салынды.  Полиция капитаны Базиль: "Біз тексерісті жүргізгенде, адамдарға барынша қолайсыздық туғызбауға тырысамыз. Тұрғындар да түсіністікпен қарап жатыр. Кей кездері адамдар үйден шығу үшін қағазды қалай толтыру керектігін білмей қиналады. Бірақ жалпы тексеру кезінде көп қиыншылық туындап жатқан жоқ" деді.

Ал Францияда карантин енгізілгеннен бері полиция жарты миллионға жуық адамға айыппұл салған. Бір айда тәртіпті 4 рет бұзған тұрғын жарты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 3750 еуро айыппұл төлейді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации