Францияда КВИ-ді хлорохин дәрісімен емдеуге тыйым салынды

29 мамыр, 14:15

Фото: 24.kz

«Ланцет» журналында ауқымды зерттеу нәтижелері жарияланғаннан кейін Франция билігі коронавирусқа қарсы хлорохин қолдануға тыйым салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бұл дәрі жүрек-қан тамырлары жүйесіне кері әсер тигізуі мүмкін делінген. Бұған қарамастан бірқатар дәрігер бұл препараттың тиімділігіне сенімді. Дидье Рауль Марсель қаласында емнің осы әдісін қолданып келген. Ол өзге ем-домнан қарағанда арзан көрінеді. Дидье Раульдің жақтастары хлорохинды қолдануға фармакология саласының алпауыт компаниялары қарсы шыққан деп санайды. Үкімет өкілдері өзге зерттеулердің нәтижелерін күтуге шақырып, дәрінің тиімділігі дәлелденсе, өз шешімін өзгертуге уәде етті. Франция денсаулық сақтау министрі Оливье Веран: "Жақын арада жариялануы тиіс зерттеу нәтижесі хлорохиннің әсерін айқындайды. Тиімділігін көрсетсе, Жоғарғы кеңестен емнің осы әдісіне рұқсат беруін сұраймын. Мен медицинамызға, зерттеулеріміздің сапалығына сенемін. Дәрінің ұлт денсаулығына әсер етуі мүмкін болғандықтан, бұл маңызды мәселе" деді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации