Финляндияда жұмыссыздық артуы мүмкін

03 сәуір, 12:55

Фото: 24.kz

 Финляндияда коронавирустан жұмыссыздық артайын деп тұр. Індеттің кесірінен елде әбір жетінші жұмысшы қысқартуға ұшырауы мүмкін.

Алматы, NEGE. Дерекке қарағанда, 320 мыңнан астам адам осы мәселе бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Финляндия Сауда палатасы жергілікті компаниялардың үштен екісі өзінің жұмысшыларын мерзімсіз демалысқа жіберуді немесе қысқартуды жоспарлап отырғанын айтады. 40 проценттен астам бірлестік осындай ескерту жасаған.

Айта кетейік, Финляндияда бұған дейін 17 мың адам жұмысынан қысқартылған. Билік экономиканы тығырықтан алып шығу үшін 15 миллиард еуро бөлді. Осы категория бойынша: « Кенияда індет балықшылар табысының артуына себепші болды Әлемде вирус жұқтырғандар саны миллионға жуықтады »

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации