Эверестке шығуға неге тыйым салынды?

14 наурыз, 15:03

Фото: facebook.com

Әлем елдерінде коронавирустың таралуына байланысты Непал билігі туристер мен альпинистер үшін Эверестке шығуға тыйым салды.

Алматы, NEGE. Шектеу наурыздың 14-інен сәуірдің 30-на дейін жалғаспақ. Сонымен қатар аймаққа келген шетел азаматтарына уақытша виза берілмейтін болды. Ал ережеге бағынбай бұл елге кіргендердің барлығы алдымен 14 күн карантинде болуы керек. Айта кетейік, қазір Непалда тек бір адам ғана КОВИД 19 вирусына шалдыққан. Ал, көрші тұрған Үндістанда дімкәс жандардың қатары 70-тен асты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации