Еуроодақ аумағына кіруге тыйым мерзімі ұзартыла ма?

09 сәуір, 16:45

Фото: 24.kz

Еурокомиссия өзге елдердің азаматтарына Еуроодақ аумағына келуге салынған тыйымның мерзімін 15 мамырға дейін ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Еске салып кетейік, бұл шектеу наурыз айының ортасында 30 күнге енгізілген болатын. Алайда, Еурокомиссия өкілдерінің мәлімдеуінше, коронавирус пандемиясымен пәрменді күресу үшін бір ай жеткіліксіз.

Бұл ұсыныс Шенген аймағына кіретін барлық елдері және Еуроодақпен қауымдасқан төрт мемлекет – Швейцария, Норвегия, Исландия мен Лихтенштейнге қатысты болып отыр. Жалпы бұл тізімге 30 ел кірді. Шектеу медицина саласының қызметкерлері, дипломаттар және отанына қайтқан Еуроодақ азаматтарына қолданылмайды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации