USD
USD
USD

Ердоған АҚШ-тың «бейбіт жоспарын» басқыншылық жоба ретінде бағалады

АҚШ-тың Таяу Шығысқа қатысты «бейбіт жоспар» деп аталатын саясаты шын мәнінде палестиндердің жерін басып алуды заңдастыру болып табылады.  Бұл туралы Түркия президенті Реджеп Ердоған мәлімдеді.

 Ердоған АҚШ-тың «бейбіт жоспарын» басқыншылық жоба ретінде бағалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Олар мұны «ғасыр келісімі» деп атауда.  Қайдағы келісім? Бұл – басқыншылық жобасы», - деді түрік елінің басшысы.

Түркия президенті АҚШ ұсынған «жоспардағы» палестиндер Иерусалимнің мәртебесінен бас тартқан жағдайда экономикалық жеңілдіктер жасау туралы ұсынысты да сынға алды. «Иерусалим саудаға түспейді», - деп кесіп айтты президент Ердоған.

Түрік президенті «Иерусалимнің мұсылман әлемі үшін қызыл шекара іспетті»екенін айтып, Израиль мен Палестинаға қатысты Трамп жоспарын әділетсіз, жосықсыз жоба ретінде бағалады.   

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков