Эндрю Джек коронавирустан қайтыс болды

01 сәуір, 09:46

Фото: lenta.ru

Ұлыбританияда «Жұлдыздар соғысы» көп сериялы фильмінде Майор Калуан Эмат рөлін сомдаған танымал актер Эндрю Джек коронавирустан қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Evening Standard хабарлады.

Актердің әріптесі Джилл МакКаллоудың айтуынша, 76 жастағы Эндрю Джек Лондон маңындағы ауруханалардың бірінде 31 наурыз күні көз жұмған.

«Өкінішке қарай, актермен қоштасуға әйелі келе алмады. Ол Австралияда карантинде еді» дейді Джилл Маккалоу.

Эндрю Джек «Жұлдыздар соғысы» фильмінде бірнеше эпизодта ойнаған. Сондай-ақ, актерлерге сахна тілі бойынша дәріс берген. Әйгілі «Троя» фильмінде актерлердің дауыс ырғағын көне грек тілінің ерекшеліктеріне икемдеген осы Эндрю Джек еді.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации