Душанбе Ауғанстанға рейстерді неге тоқтатпақ?

27 ақпан, 20:15

Фото: azattyg.org

26 ақпаннан бастап Тәжікстанға Жапония, Оңтүстік Корея, Италия және Ираннан ұшып келгендердің бәрі карантинге жатқызылады.

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, мұның бәрі коронавирус індетіне қарсы сақтық шаралары. Осыған дейін тек Қытайдан келгендер ғана карантинге жатқызылған. Мұнан бөлек Ауғанстанмен шекарны күшейтіп, Кабулға ұшатын ұшақтарды уақытша тоқтату мәселесін қарастырып жатқаны айтылды. Себебі, бұл елде де індетті жұқтырғандар анықталған.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 139 адамға жетіп, 19-ы қаза тапқан. Тәжікстан 25 ақпаннан бастап Ирамен әуе қатынасын тоқтатты. Әлем бойынша бүгінгі күнге дейін 81 мың адам қауіпті вирусты жұқтырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдік қауымдастық коронавирус пандемиясына дайын болты керектігін ескертті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации