Дүниежүзілік банк коронавируспен күреске $12 млрд бөлді

04 наурыз, 16:10

Фото: teletype.in

Дүниежүзілік банк коронавируспен күреске $12 млрд бөлді, деп хабалады ВВС.

Алматы. NEGE. «Дүниежүзілік банк коронавирустың таралуымен күресіп жатқан дамушы елдерге көмек ретінде $12 млрд бөлді. Төтенше жағдайлар шарасының пакетіне қымбат емес несиелер, гранттар мен техникалық көмек кіреді», - делінген хабарда.

Айта кетерлігі, көмек көрсету туралы ұсыныс коронавирустың өршуі елдерді құлдырауға ұшыратуы мүмкін деген ескертуден кейін жасалды.

Көмек елдерге қоғамдық денсаулық сақтау шараларын жақсартуға, сондай-ақ экономикаға оның теріс ықпалын төмендету үшін жеке секторды қолдауға арналған. Дүниежүзілік банк мәлімдегендей, әлемнің 70-ке жуық елінде тіркелген вирустың таралуына қарсы тұру үшін көмек барынша қауіп төнген және кедей елдерге көбірек бөлінетін болады.

«Көмек пакетінің жартысын банктің жеке сектормен жұмыс істейтін Халықаралық қаржы қауымдастығы бөледі. $12 млрд соманың $4 млрд жуығы бұған дейін қол жетімді болған қаражаттан аударылады», - делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 91 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 3,1 мыңнан астам, 45 мыңнан астам адам жазылды.

Бұған дейін хабарланғандай, 5 наурыздан бастап Қазақстан Азия елдерімен әуе рейстерін уақытша шектейді, Әзірбайжанмен әуе рейстерін қысқартады және ҚР-ға Иран азаматтарының келуіне тыйым салады. Сонымен қатар белгілі болғандай, 95 мыңнан астам қазақстандық коронавирус тіркелген елдерде жүр.

2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты. Ал «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығы наурыз айының ортасына дейін жабылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации