Дональд Трамп: коронавирус АҚШ-қа аса қауіпті емес

27 ақпан, 19:30

Фото: azattyg.org

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні коронавирус індеті бойынша арнайы брифинг өткізіп, Құрама Штаттар үшін аса қауіп туғызбайды деп мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Ол елдің вице-президенті Майк Пенс вирусқа қарсы күресті күшейту бойынша жергілікті және федералды билікті жұмылдырады деді. «Біз кез келген жағдайға дайынбыз: қауіпті ме, жоқ па,  –  деді Трамп. – Алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанына байланысты америкалықтар үшін қауіп өте төмен... Без жағдайға сәйкес әрекет істейміз, егер де қауіп күшейген жағдайда да қолдан келген барлық шараларды жасаймыз».

Президент ғалымдар жаңа типтегі вирусқа қарсы вакцинаны ойлап табады деп үміттенеді. Брифинг кезінде сөз сөйлеген індеттің алдын алу және бақылау жөніндегі федералды орталық директорының орынбасары Энн Шучат Құрама Штаттарда коронавирусты жұқтырғандар саны күн санап өсіп келе жатқанын ескертті.

АҚШ-та індетті жұқтырғандар саны – 57. Олардың 42-сі – Жапонияда карантинде болған кеменің жолаушылары. Сан-Франциско ауруханалары індетті жұқтырғандарды қабылдауға дайындалып жатыр. Нью-Йорк мэрі де 1200 орындық аурухананы дайындап қойғанын мәлімдеді.

Үндістаннан ресми сапардан сәрсенбі күні оралған президент Трамп баспасөз бен демократтарды жаңа вирустың қауіпті екенін айтып, тым асыра сілтеп жатыр деп мәлімдеді. Демократтар болса, президентті індеттің алдын алу орталығына бөлінетін бюджетті 16 проценте қысқартқысы келеді деп сынады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации