Денсаулық сақтау вице-министрі коронавирустан қайтыс болды

02 наурыз, 16:34

Фото: news.rufox.ru

Коронавирус жұқтырған Ирандағы ықпалды орган шенеунігі Мохаммад Мир-Мохаммади қайтыс болды. 

Алматы, NEGE. Tasnim агенттігінің мәліметі бойынша, Мохаммад Мир-Мохаммади дүйсенбі күні көз жұмды, ол Иранның жоғарғы көшбасшысы жанындағы кеңесші органның қабылданған шешімдердің орындылығын анықтау жөніндегі кеңестің мүшесі болған.

Бұған дейін Иранның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчи мен Иранның әйелдер және отбасы істері жөніндегі вице-президенті Масуме Эптекар коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. 

Бірнеше күн бұрын коронавирустан Иранның Ватикандағы бұрынғы елшісі Хади Хоссровшахи қайтыс болды. Ол 81 жаста болған.

Айта кетейік, жексенбі күні жарияланған соңғы мәліметтер бойынша, 19 ақпаннан бастап Иранда коронавирус жұқтырған 978 адам тіркелген, оның 54-і өліммен аяқталды, 173 адам сауығып кетті. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации