Денсаулық сақтау министрі отставкаға кетті

06 сәуір, 16:22

Фото: видеодан скриншот

Шотландияның денсаулық сақтау министрі Кэтрин Кэлдервуд отставкаға кетті. Ол  елде індет таралуына байланысты енгізілген төтенше жағдай режимін бұзған. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады.

Алматы, NEGE. К.Кэлдервуд отандастарына үйден шықпауға кеңес беріп, өзі қала сыртындағы үйіне демалуға барған. Мұны The Scottish Sun басылымының тілшілері суретке түсіріп алған. Министрдің төтенше жағдай режимін екі рет бұзғаны анықталыпты.

«Жасаған әрекетім үшін қатты өкінемін. Бүгін Шотландияның бірінші министрі Никол Стерджбен телефон арқылы сөйлестім. Менің әрекетім коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында жұмыс істеп жатқан үкімет мен медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірді деген тоқтамға келдік. Сол себепті отставкаға кетемін», – деді ол.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации