Денсаулық сақтау министрі індет жұқтырды

02 сәуір, 07:09

Фото: ukrinform.ru

Израильдің денсаулық сақтау министрі Яаков Лицман коронавирус жұқтырды. Бұл мәліметті министрліктің ресми өкілі растады.

Алматы, NEGE. Jerusalem Times басылымына сілтеме жасап РИА Новостидің хабарлауынша, министрмен бірге оның әйелінен де коронавирус анықталған.

«Олар көптен оқшауланды. Бірақ министр өз қызметін қашықтан атқара алады» делінген ақпаратта.

Денсаулық министрлігінің дерегінше, Израильде 6092 адам індет жұқтырса, қайтыс болғандар саны 25-ке жеткен.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации