ДДСҰ: Коронавирус 350 мыңнан астам адамнан табылды

24 наурыз, 08:58

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Covid-19 жаңа коронавирус пандемиясы әлемде бұрынғыдан да жылдам тарап бара жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус осылай мәлім етті, деп хабарлайды BBC агенттігі. 

Алматы, NEGE. «Алғашқы науқас анықталып, олардың саны 100 мыңға жеткенше 67 күн өтті. 100 мыңнан 200 мыңға дейін – 11 күн, ал 300 мыңыншы оқиға төрт күннің ішінде тіркелді», – деді Гебрейесус Женевада өткен брифингіде.

Қазір инфекция әлемде 350 мыңнан астам науқастан табылған. Дүйсенбі таңертеңгі мәлімет бойынша, Covid-19-дан әлемде 15 мыңға жуық адам қайтыс болып, 100 мыңы сауығып кетті. Ең көп өлгендер – Италия (5,5 мыңға жуық) мен Қытайда (3 153 адам). Испанияда коронавирус эпидемиясы басталғалы індетті жұқтырғандардың ең көп өлімі тіркелген. Кеше Covid-19-дан бұл елде 462 адам көз жұмды, бұл алдағы тәуліктегіден 26%-ға көп. Сонымен қатар жұқтырғандар да көп – 4 500.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации