Дәретханадан қағаз ұрлайтындар көбейген

20 наурыз, 15:46

Фото: ғаламтордан

Қоғамдық дәретханалардан қағаз бен сусабын ұрлайтындар көбейіп барады. Мұның себебін мамандар «карантин бола қалса, қайтем?» дейтін жұрттың қаупімен байланыстырып отыр. 

Алматы, NEGE. Австралияның Виктория штатында осындай жүзге жуық оқиға тіркелген. Дәретханаға кіргендер, дәретхана қағазы мен сусабын ұрлаған деп хабарлайды Daily Mail мәліметіне сүйенген Известия.

«Бұл біздің таңқалдырып отыр. Алайда ұрлықтың алдын алу әзірге мүмкін емес. Өйткені дәретхананың бәріне бейнебақылау камерасын орнату қымбатқа түседі. Әрі мұндай қадам халықтың наразылығын тудыруы мүмкін» депті жергілікті билік өкілі Джон Уайт.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации