Covid-19: АҚШ-та 200 мың адам қайтыс болуы мүмкін

30 наурыз, 12:32

Фото: Reuters

Жексенбі күні АҚШ Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фаучи жаңа коронавирустан 100 мыңнан 200 мың адамға дейін құрбан болуы мүмкін екенін мәлім етті.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, ол миллиондаған адамның коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті. Екі күннің ішінде қайтыс болғандар саны екі есеге артып, 2 мың адамға жеткен.

Сенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша, АҚШ-та 121 мың адам ауру жұқтырған.

Жексенбі күні президент Дональд Трамп баспасөз мәслихатында мәлім еткендей, АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 100 мың-200 мың адамға жетсе, әкімшілік «жақсы жұмыс істеді» деп айтуға болады.

«Ауру жұқтырғандар санының күн санап артып жатқанына байланысты ауруханаларда орын тапшы, әсіресе Нью-Йоркте – штатта елде ауру жұқтырғандар ең көп тіркелген. Елдегі көптеген ауруханаларда екі аптадан кейін орын болмайды, себебі ауру жұқтырғандар саны өсіп жатыр», деп мәлімдеді Трамп.

Вирустың таралуын тоқтату масатында қалалар мен штаттарда, соның ішінде Нью-Йоркте билік тұрғындардың үйде қалуын міндеттейтін шешім шығарған.

Бұл шешім 215 млн америкалыққа қатысты.

АҚШ-та дүйсенбі күнгі дерек бойынша ауру жұқтырғандар саны 143 мың адамға жетті. COVID-19 шалдыққандар саны әлемде 723 мың адам, одан 34 мың адам көз жұмды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации