COVID-19: жұқтырғандар – 10 миллион, қайтыс болғандар – 500 мың

29 маусым, 11:40

Фото: tsn.ua

Коронавирустың әлемге тарауын бақылап отырған Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, вирус жұқтырғандар 10 миллионнан, ауру салдарынан қайтыс болғандар 500 мыңнан асты.

Aлматы. NEGE. Қаза тапқандардың шамамен төрттен бірі немесе 125 мыңнан астамы АҚШ-та тіркелген. Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында - Бразилия. Онда 57 адам вирус жұқтырып, салдарынан көз жұмған.

Сарапшылар қайтыс болғандар бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтады. Олардың сөзінше, эпидемияның алғашқы кезеңінде көптеген адам COVID-19 инфекциясының бар-жоғын анықтамай қайтыс болған.

АҚШ-тың оңтүстігі мен батысындағы штаттар экономикасын қайта ашамыз да, жағдайды ушықтырып алып жатыр. Штат губернаторлары барлар мен жағажайларды ашуда асығыстық болғанын мойындады.

Халқы тығыз орналасқан Үндістанда жағдай қиындап барады. 27 маусымда елде рекордтық көрсеткіш тіркелді: коронавирус бір тәулікте 18 500 адамнан анықталып, 385 адам осы аурудан қайтыс болған. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 530 мыңға жуықтады, ал қайтыс болғандар 16 мыңнан асты.

Коронавирустың тарауын толық бақылауға алған Оңтүстік Кореяда жаңа жағдайлардың тіркелуі артып келеді. 28 маусым күні коронавирус 62 адамнан анықталған. Эпидемия басталғалы бұл елде 12 715 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның 282-сі қайтыс болған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации