БҰҰ қашықтықтан жұмыс істеуге көшті

13 наурыз, 10:33

Фото: facebook.com

БҰҰ Хатшылығы қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Бұл туралы Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің кеңесшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Туристерге арналған барлық экскурсиялар тоқтатылды, ғимаратқа дезинфекциялық сұйықтықтары бар қондырғылар орнатылды. Инфекцияның таралу қаупін азайту бойынша барлық шаралар қабылдануда. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш бүгін БҰҰ штаб-пәтерінде 16 наурыздан бастап сәуір айының соңына дейін барлық сайд-ивенттерді (ілеспе іс-шараларды) алып тастады. Хатшылықтың қызметкерлері аптасына үш күнге дейін (ауруға жоғары қаупі бар адамдарға -5 күнге дейін) қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті. БҰҰ ұйымдарының көптеген ресми отырысы қысқартылған режимге көшеді немесе қашықтықтан өтеді», – деп жазды Әнуар Жайнақов.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации