«Бұл – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауыр дағдарыс»

01 сәуір, 12:58

Фото: AFP

БҰҰ қатты алаңдаулы. Ұйым басшысы Антониу Гутерриш COVID-19 салдарынан туындаған дағдарысты Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дағдарыспен салыстырды.

Алматы, NEGE. «Әңгіме бүкіл адамзатқа қауіп төндірген вирус турасында ғана емес, экономикалық күйреу жөнінде де болып отыр. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауыр дағдарыс болмақ», – деді Антониу Гутерриш.

Бұған дейін Гутерриш тағы бір қорқынышты мәлімдеме жасаған. «жер бетіне «тозақтың төрт салт аттысы» келе жатыр» деген ол цифрлық әлемнің қаупін айта келе жаһандық дағдарыстың таяп қалғанын ескерткен еді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации