Brexit мәмілегері вирус жұқтырды

20 наурыз, 07:06

Фото: twitter.com

Еуро Одақтың Brexit мәселелері бойынша мәмілегері Мишель Барнье COVID-19 коронавирусын жұқтырды. Бұл туралды ол бейсенбі күні Twitter-де мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Менің COVID-19 вирусына тапсырған тестім оң нәтиже көрсеткенін хабарлағым келеді. Менің жағдайым жақсы. Командам сияқты барлық қажетті нұсқаулықтарды ұстанамын», – деп хабарлады Барнье.

«Зардап шеккен, қазір оқшауланып жатқан барлығымыз бұл сынақтан өтеміз», – деп жазған 69 жастағы саясаткер.

Осы аптада Лондонда өтуі тиіс Ұлыбритания мен ЕО-ның алдағы қарым-қатынасына қатысты сауда келіссөздерінің кезекті кезеңі болмайтын болды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации