Бразилияда коронавирусты анықтайтын алғашқы генетикалық тест әзірленді

22 мамыр, 12:50

Фото: 24.kz

 Бразилиядағы «Альберт Эйнштейн» клиникасының ғалымдары COVID-19 анықтауға арналған әлемдегі алғашқы генетикалық тест ойлап тапты. Талдау тесті Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (РСТ) халықаралық патенттік жүйесінде АҚШ-та патенттелді.

Алматы, NEGE. Маусым айынан бастап ол коронавирус диагнозын анықтау үшін қолжетімді болады. Ғалымдардың айтуынша, бұл тест 100% дәлдікке ие, ал оның тиімділігін қазіргі уақытта қолданыста жүрген ПТР сынақтарымен салыстыруға болады. Алғашқы генетикалық тест жаппай диагностикалау үшін қолданылуы мүмкін. Өйткені оның көмегімен бір уақытта 1536 сынаманы зерттеуге болады, бұл ПТР тестілеумен салыстырғанда 16 есе көп. Ал зерттеу нәтижесі үш күннен кейін белгілі болады. Тестілеуде биоматериал ретінде сілекей немесе мұрын жағындысы қолданылады. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации