Борис Джонсон ауруханаға жатқызылды 

06 сәуір, 09:20

Фото: inform.kz

Коронавирус жұқтырған Борис Джонсон ауруханаға жатқызылды 

Алматы, NEGE. Осыдан 10 күн бұрын Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон коронавирусқа тест тапсырып, оның нәтижесі бойынша індет жұқтырғаны белгілі болған. Бүгін ол тексеру жүргізу үшін ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды  үкімет мәлімдемесі. 
Der Spiegel «Премьер-министр өз дәрігерінің кеңесімен тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді» деп мәлім етті Даунинг-стриттен. Еске сала кетейік, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді. Ол содан бері оқшауланып, мемлекетті үйінен басқара бастаған.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации