Бір тәулікте 79 медицина қызметкерінен індет анықталды

11 шілде, 13:25

Фото: ғаламтордан

COVID-19 індеті қырғыз халқын да қатты мазалап отыр. Соңғы бір тәулік ішінде 79 медицина қызметкерінен қауіпті індет белгілері байқалған. Осылайша Қырғызстанда ауру жұқтырған медқызметкерлер саны 1,5 мыңнан асып кетті.

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде бүгін Қырғызстанның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнур Акматова айтты. Оның сөзіне қарағанда, Бішкекте – 20, Шу облысында – 34, Ош облысында – 3, Нарын облысында – 5, Жалал-Абад облысында – 3, Баткен облысында – 6 медицина қызметкерінің індет жұқтырғаны анықталған.    

Осылайша, COVID-19 белгісімен ауруханаға түскен дәрігерлер саны 1 мың  529-ға жетті. Оның 546-сы сырқатынан айыққан.

Сондай-ақ, Айнур Акматова адам шығыны жөнінде де дерек келтірді. Соңғы тәулікте Қырғызстанда қауіпті дерттен 32 адам көз жұмған. Ал наурыз айынан бері қаза болғандар саны 382 адам.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации