Бес бала туып берген әйелін тапамен ұрып өлтірді

15 қыркүйек, 16:45

Фото: lenta.ru

35 жасар Павл Искандаров азаматтық некедегі әйеліне ұдайы келіп тұрған. Ол әйел бұған бес бала тауып берген екен. Үлкені 9 жаста, кішісі бірде. Искандаров арақ ішіп қана қоймай, есірткі де тартады.

Алматы. NEGE. Мамыр айында ол әйелінің үйіне келіп, арақ пен анашаға ақша алмақ болады. Арада жанжал шығып, әйелі мен балаларын қоса сабап кетіп қалады. Кішкентай балалары күні бойы шалажансар анасының қасында отырып, кешке қарындары ашқан соң, көршілеріне барып, тамақ сұраған. Лидия Кухи ауруханада басқа тиген ауыр соққыдан қайтыс болады. Күйеуі тапамен ұрған екен.

Санкт-Петербург соты істі қарап жатыр. Искандаров болса, «ұрғаным рас, бірақ өлтірген мен емеспін» деп қылмысын мойындамай отыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации