Бельгияда жүріп-тұруға қатаң тыйым салынды

19 наурыз, 09:24

Фото: instagram.com

18 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін тұрғындарға ел аумағында жүріп-тұруға қатаң тыйым салынды. 

Алматы, NEGE. Азаматтар үйден тек азық-түлік, дәріхана, пошта немесе банкке бару үшін ғана шыға алады.

Тәртіп сақшылары бұл шаралардың орындалуын бақылауда ұстайды. Бұл шешімді Ұлттық қауіпсіздік кеңесі қабылдады.

Өткен бір тәулікте ел аумағында коронавирусты тағы 243 адам жұқтырған. Сөйтіп, қауіпті кеселге шалдыққандар саны Бельгияда 1486 ға жетті.

Індеттен 14 адам көз жұмды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации