Әзербайжан: 24 наурыздан 20 сәуірге дейін карантин

24 наурыз, 15:35

Фото: сурет ғаламтордан алынды

23 наурызда Министрлер кабинетінде елдің премьер-министрі Али Асадовтың төрағалығымен отырыс өтті. 

Алматы, NEGE. Жиында елдегі коронавирус инфекциясы талқыланып, инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң режим қолдану туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ӘЗЕРТАДЖ агенттігі. 

Әзербайжан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Жедел штаб таратқан хабарламада коронавирус пандемиясының әдемде таралуына қарсы күресте түрлі елдердің тәжірибесі назарға алынғаны айтылған. Әзербайжан Республикасының «Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы» Заңының 25-бабына сәйкес, Әзербайжан Республикасында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында 24 наурыз 00:00-ден 20 сәуір 00:00-ге дейін карантин режимі жарияланды.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации