«Авиган» коронавирусты жеңе ала ма?

19 наурыз, 09:09

Фото: 24.kz

Қытай ғалымдары коронавирусқа қарсы Favilavir деп аталатын дәріні клиникалық тексерістен өткізуді аяқтады.

Алматы, NEGE. Бұл туарлы «Жэньминь Жибао» газеті хабарлады. Дәрі науқастың ыстығын басуға арналған. Нақтырақ айтқанда, дене қызуы сақталатын уақытты 4,5 күннен 2,5 күнге азайтады.

Оны жергілікті компанияның бірі шығарады. Айта кететін жайт, бұл препарат Жапонияда да дайындалады.

Бірақ тұмауды емдеуге арналған дәрі Күншығыс елінде «Авиган» деп аталады.

Жапон ақпарат құралдары да коронавирусты осы дәрімен емдеу қарастырылып жатқанын хабарлады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации