Аурухананың барлық қызметкері коронавирус жұқтырған

08 сәуір, 13:20

Фото: Тұрар Қазанғапов

Қырғызстанның Жалал-Абад облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлер жаппай коронавирус жұқтырған соң жабылды, - деп хабарлайды tengrinews.kz

Алматы, NEGE. "Бұл аурухананың барлық қызметкері коронавирус жұқтырған, сондықтан біз мекемені жабуға мәжбүрміз. Науқастарды Ош қаласына жібереміз", - деді денсаулық сақтау министрі Сабыржан Әбдікәрімов.

Министрдің айтуынша, ауруханада дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, бүгінде Қырғызстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 270-ке жетті. Төрт адам қайтыс болған. Елде төтенше жағдай режимі енгізілген.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации