Ауғанстан президенті қамаудағы тәліптерді шығармақ

11 наурыз, 17:05

Фото: azattyg.org

Ауғанстан президенті Ашраф Гани сейсенбі, 10 наурызда «Талибан» қозғалысының 5 мың мүшесін тұтқыннан босату туралы жарлыққа қол қойды. 9 наурызда инаугурациялау салтанатында Гани тұтқындарды босатуға уәде берген.

Алматы, NEGE. Президент жарлығы 11 наурызда БАҚ өкілдеріне таратылады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Сиддик Сиддикидің айтуынша, Кабулдағы Парван түрмесінде отырған 1,5 мың тәліп 14 наурыздан бастап бостандыққа шыға бастайды. Күнде 100 адамнан босатылады.

АҚШ пен «Талибан» қозғалысы 29 ақпанда бейбіт келісімге отырды. Тұтқындағы тәліптерді босату - Ауғанстандағы бейбіт процестің өзегіне айналады.

Ауған түрмелерінде «Талибанның» 10 мың содыры отыр. Бірақ тәліптер олардың барлығы содар емес деп мәлімдеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации