Ата-аналар онлайн оқытуға қарсы шеру өткізді

16 қыркүйек, 13:34

Фото: ғаламтордан

Грузияда коронавирус індетінің екінші толқыны басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Күніне 160-тай науқас тіркеліп жатыр. Осыған байланысты үкімет бірқатар шектеуді қайта енгізді. Мәселен, алты ірі қалада оқу орындарын жауып, қашықтан оқытуға ауыстырды. Бұған наразы ата-аналар қауымдастығы Тбилисиде наразылық шеруін ұйымдастырды.

Ереуілшілер елдегі бүкіл оқу орындарын ашуды талап етті. Жазда үкімет оқуды өз мезгілінде бастауға уәде берген еді. Кейбір колледждер, жеке меншік мектептер мен балабақшалар 1 қыркүйектен бастап жұмысқа кірісті. Алайда таяуда үкімет жаңа шешім қабылдады.

– Ірі қалаларда жоғары оқу орындары мен мектептерде оқу қазанның 1-інде басталады. Бізге қауіп-қатерді дұрыс бағалау үшін екі апта қажет. Осыдан кейін эпидемиологтармен бірлесіп, қосымша шешімдер қабылдаймыз. Ал шеруге шыққан ата-аналар бұған қарсы. Балалары дұрыс білім алып жүрген жоқ деп санайды. Әсіресе кіші сыныптардың оқушыларына қашықтан сабақтарды меңгеру қиын, - деді Грузия премьер-министрі Георгий Гахария.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации