Арменияда қоғамдық көліктер тоқтады

05 сәуір, 13:25

Фото: ғаламтордан алынды

 Ел билігі қауіпті кеселдің жолын кесу үшін осындай шешім қабылдауға мәжбүр болған, деп хабарлайды «Хабар 24»

Алматы, NEGE. Қазір мұнда індет жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Әзірге 800-ге жуық науқастың анықталғаны мәлім. Арменияда қоғамдық көліктер 12 сәуірге дейін жұмысын тоқтатты. Жолаушылар пойызға отырады, яки такси қызметіне жүгінеді. Метро да уақытша жүрмейді. Мұндай жағдай елде соңғы рет 40 жыл бұрын болған. Қазір аялдамалар бос. Көшеде адам қарасы аз. Кеселдің кесірінен такси жүргізушілері шығынға белшесінен батқан.  Қалада қозғалыс сап тыйылған.

Тұрғындар азық-түлік яки дәрі-дәрмек алу үшін ғана сыртқа шығады. Тәртіп сақшылары қауіпсіздікті күшейткен. Бейсауат жүрген адам көрсе бірден айыппұл салады. Қазір елде бірнеше бақылау-өткізу бекеті қойылған. Ондағы тәртіпті полиция қызметкерлері мен әскерилер қадағалап жүр.  Армения Республикасы премьер-министрінің орынбасары Тигран Авинян: "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, әскери полиция мен құтқарушылар көмекке келді. Олар блок-бекеттердегі тәртіпті қадағалайды. Ел билігі дәрігерлерге қолдан келгенше көмек көрсетуде. Оларды жұмысқа апарып-әкелетін арнайы автобустар бөлінген. Бір Ереванның өзінде 700-ге жуық дәрігер осындай көліктермен қатынап жүр", - деді.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации