Ангела Меркель карантиннен шықты

03 сәуір, 21:18

Фото: 24.kz

Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркель екі апталық үй карантинінен кейін жұмысқа оралды, - деп хабарлайды Reuters.

Алматы, NEGE. "Ангела Меркель бүгін Федералдық канцлер ведомствосына жұмыс орнына оралады. 14 күндік үй карантині аяқталды", - деп хабарлады ГФР Министрлер кабинетінің ресми өкілі Штеффен Зайберт 3 наурызда өткен брифингте.

Бұған дейін Ангела Меркельдің үйде оқшауланғаны хабарланған, себебі оған 20 наурызда пневмококтің алдын алуға арналған екпе жасаған дәрігер коронавирус жұқтырып алды. Германия канцлерінің COVID-19-ға тапсырған алғашқы сынақ нәтижесі теріс болды. Екіншісінен де инфекция расталған жоқ. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации