Американдықтар вирустан емес, денсаулық сақтау жүйесінен қорқады

31 наурыз, 14:43

Фото: Otvet.mail.ru

Коронавирус кезінде АҚШ-тың денсаулық сақтау жүйесі халыққа қатер төндіріп тұр. Көптеген адамдар ем-домның ақысын төлей алмай отыр. Бұл туралы Handelsblatt неміс басылымы жазады.

Алматы. NEGE. «Коронавирустан емделгеннен кейін Дэнни Аскини екі нәрсені жақсы түсінді. Ол аман қалды, бірақ қалған өмірін кедейшілікте өткізеді. Аурухана мен дәрігерлердің қызметі үшін төлейтін 34 927 долларды ол ешқашан жинай алмайды», – деп жазады басылым. Ол жұмысынан айырылып, жаңа жұмыс іздей бастаған. Осы аралықта оның медициналық сақтандыруы болмаған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации