Алишер Усманов Өзбекстанға 20 млн доллар бөлді

01 сәуір, 19:05

Фото: ғаламтордан

Ресейлік миллиардер Алишер Усманов Өзбекстандағы коронавируспен күрес шарасына 20 миллион доллар бөлді. Өзбек ұлтынан шыққан миллиардердің бұл қаржысы Ташкент облысынан салынып жатқан жаңа аурухананы медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмсалады.

Алматы, NEGE. «Узбекистан 24» телеарнасына сілтеме жасап  centralasia.media сайтының хабарлауынша, жаңа аурухана Ташкент облысының Зангиата ауданында салынып жатыр.

Қаражат коронавируспен күрес кезінде үкіметке қаржылай көмек көрсету үшін құрылған «Өзбекстанның қайырымдылық және денсаулық» қоғамдық қорына аударылды. Ақша Денсаулық сақтау министрлігіне қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалады, делінген хабарламада.

Алишер Усмановтың Өзбекстанға ақша аударып жатқаны алғаш рет емес. 2019 жылы ол туған жерінің дамуына үлес қосу үшін 50 млн доллар бөлген еді. Мұны Наманган қаласындағы «Алишер Усманов атындағы бизнес-орталықтың» ашылуына келген Шавкат Мирзиёевтың өзі мәлімдеген.

2018 жылы ол Өзбекстанның әйгілі «Пахтакор» футбол клубына 20 млн доллар аударды. Оның Өзбекстанға не беріп, не қойғаны ұмытылып қалуы мүмкін. Бірақ оның мына сөзі өзбек жұртының құлағында әлі жаңғырып тұр: «Мен өзбек екенімді мақтан тұтатамын. Туған елім мен жерімді ешқашан есімнен шығарған емеспін. Өзбекстан үшін пайдалы болатын кез-келген дүниені жасауға әрдайым, тіпті дәл қазір дайынмын».

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации