Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5 млн-нан асып кеткен

21 мамыр, 16:20

Фото: kaztag.kz

Түрлі тақырып бойынша нақты уақыттағы есептеулер мен статистиканы жариялайтын worldometers.info веб-сайтының анықтамасындағы ақпарға сәйкес, әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 5 085 504 жағдайы анықталған, 329 731 адам көз жұмған және 2 021 666 адам жазылған.
Алматы, NEGE. Коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша, бұрынғыша АҚШ (1 591 991 адам ауру жұқтырса, 94 994 адам көз жұмған) көш бастап тұр, екінші орында – Ресей (сәйкесінше 308 705, 2972), үшінші орында - Бразилия (293 357, 18 894), төртінші орында - Испания (279 524, 27 888), бесінші орында - Ұлыбритания (248 293, 35 704), алтыншы орында – Италия (227 364, 32 330), жетінші орында – Франция (181 575, 28 132), сегізінші орында – Германия (178 531, 8270), тоғызыншы орында – Түркия (152 587, 4222) оныншы орында - Иран (126 949, 7183).
 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации