Әлемде індет жұқтырғандар саны 400 мыңнан асып кетті

25 наурыз, 00:15

Фото: rosbalt.ru

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 400 мыңнан асты. Бұған BNO News деректері дәлел.

Алматы, NEGE. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 407 485 адам вирус жұқтырған. COVID-19 пневмониясынан 18,2 мың адам қайтыс болса, 104,2 мың науқас сырқатынан айыққан. Инфекцияның ең ірі ошақтары ретінде Қытай, АҚШ және Италия аталып отыр.

Ең ірі шығын Италияда тіркелді: 24 наурызда COVID-19 пневмониясынан қайтыс болғандардың саны бір тәулік ішінде 743-ке жеткен. Бұл ақпан айынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации