АҚШ-та жұмыссыздар саны 17 млн адамға жетті

10 сәуір, 10:45

Фото: 24.kz

Сарапшылардың бұған дейін жасаған болжамы жоққа шықты. Неге?

Алматы, NEGE. Олар табысынан айырылғандары қатары 5 млн төңірегінде болады деп топшылаған еді. Айта кетейік 28 наурызда жұмысын жоғалтқан 7 млн 400 мың азаматқа әлеуметтік жәрдемақы берілген болатын. Жүргізілген сауалнама нәтижесіне қарағанда қазірдің өзінде америкалықтардың 40 проценті ел экономикасы рецессия жағдайында десе, 30 пайызы депрессияға түсті деп санайды. Еңбек министрлігінің деректеріне қарағанда, жұмыссыздық 13 пайызға артқан. Бұл бұған дейін болған дағдарыстағы көрсеткіштерден жоғары.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации