АҚШ-та шеруде 11 адам қаза тапты

03 маусым, 12:55

Фото: 24.kz

 АҚШ-та Джордж Флойдтың өліміне байланысты жаппай шерулер басталғалы 11 адам қаза тауып, 100-ден астам кісі жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бұл туралы жергілікті телеарнаның бірі хабарлады. Марқұмдардың көбі – афроамерикалықтар. Сарапшылар бұл елдегі толқуларды одан әрі ушықтыра ма деп алаңдап отыр. Еске сала кетйік, Құрама штаттарда жаппай наразылық шерулерінің жүріп жатқанына сегізінші күн. Тәртіпсіздіктерге байланысты елдің 40 қаласында коменданттық сағат енгізілген. Олардың ішінде Вашингтон, Нью-Йорк және Лос-Анджелес шаһары бар. Бірақ осыған қарамастан, қалада тонау-ойрандау тоқтамай тұр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации