АҚШ-та коронавирусқа қарсы жаңа вакцина сынала бастайды

16 наурыз, 12:00

Фото: DW

Жаңа екпенің алғашқы клиникалық тексеруі бір топ еріктіге жасалады.  Бұл туралы «Америка дауысына» хабарлаған федералды үкіметтің өкілі клиникалық сынақтың дүйсенбі күні басталатынын мәлімдеген.

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау саласының өкілдерінің айтуынша жаңа вакцина жасап шығуға 1 жылдан 1 жарым жылға жуық уақыт кетеді. Аты-жөнін атамаған шенеунік журналистерге дені сау 45 еріктіге ұлттық денсаулық сақтау институттары мен Moderna компаниясы жасап шығарған препараттың түрлі мөлшерін  егіп көрмек. Препаратта вирус жоқ болғандықтан еріктілер ауру жұқтырмайды делінеді. Басты мақсат вакцинаның жағымсыз қосалқы әсерінің жоқтығына көз жеткізу және оны кең көлемде тексеруге дайындау көрінеді.

Әлем бойынша тарап жатқан COVID-19 індетіне қарсы әлемде екпе ойлап табу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Кейбір ғалым ауруға тойтарыс беретін екпе ойлап тапқанға дейін адамның денсаулығын бірнеше айға қорғайтын уақытша вакцина жасауды да қарастыруда.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации