АҚШ-та 400 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

08 сәуір, 10:15

Фото: Theworldnews.net

Америка Құрама Штаттары әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны жағынан көш бастап тұр. 2020 жылдың 8 сәуірінде, таңғы уақытта бұл елде инфекция жұқтырудың 400 мың дерегі анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы, NEGE.Worldometers статистикалық қорының мәліметтері АҚШ-та анықталған COVID-19 жұқтырғандар саны жаңа рекордтық деңгейге жеткенін көрсетеді. Сонымен қатар, ғаламдық инфекция жұқтыру статистикасы 1 миллион 431 мың адамға жақындады. Көп ұзамай әлемде ауру жұқтырғандар саны бір жарым миллионнан асады. COVID-19-дан тәуліктік өлім-жітім деңгейі де АҚШ-та жаңа рекорд орнатты: өткен тәулікте елде 1970 адам қайтыс болған. Ал көз жұмғандардың жалпы саны 13 мыңға жетті. Алайда Италия мен Испанияда олардың саны басым. Десе де, атап өту керек, вирус жұқтырып, тірі қалғандардың саны да өсуде. 8 сәуір күнгі таңертеңгі уақыттағы қорытынды бойынша, АҚШ-тағы коронавирус статистикасы мынадай: Тіркелген жағдайлар: 400,335; Көз жұмғандар: 12 841 адам; Сауығып шыққандар: 21 674 адам. Естеріңізге сала кетейік, әлемде коронавирус инфекциясын 1,5 миллионға жуық адам жұқтырды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации