АҚШ Президенті вирус жұқтыруы мүмкін

13 наурыз, 11:38

Фото: nege.kz

Бразилия президентінің баспасөз хатшысы Фабио Уайнгартнерден коронавирус анықталды. Өткен демалыста ол ел президенті бастаған делегация құрамында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен.

Алматы, NEGE. Трамп пен бразилиялық тараптың кездесуі Флоридада болған. Кездесудегі суреттердің бірінен Уайнгартнердің Трамптың сол жағында тұрғанын байқауға болады. 

Бұл жаңалықты естіген Дональд Трамп ешқандай мәлімдеме жасамады, ал Бразилия президенті Жаир Болсонару сараптама нәтижесін күтіп, кездесулердің бәрінен бас тартты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации