АҚШ коронавируспен күреске қанша ақша бөледі?

27 ақпан, 10:35

Фото: iz.ru

Америка Құрама Штаттары коронавирус қаупінің алдын алу үшін қосымша қаражат бөлуге ниетті. Бұл жөнінде Ақ үйде сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Дональд Трамп айтты.

Алматы, NEGE. Трамптың айтуынша, заң шығарушылар қауіпті індетпен күресуге қажетті  соманы атауға құқылы. Президент әкімшілігі бұл мақсат үшін Конгресстен 2,5 миллиард доллар сұраған, кейбір республикашылдар 4 миллиард доллар беруді ұсынса,  демократтар 8,5 миллиард доллар бөлуді дұрыс деп есептеген. Бұл мәселені талқылау әлі де жалғасып жатыр, деп жазады NPR.

Сондай-ақ, президент коронавирус жұқтырған Америка тұрғындарының барлығының жағдайы жақсы екенін айтып, індеттің таралуы өте төмен деңгейде сақталып отырғанын мәлімдеген. Негізінен АҚШ-тағы короновирус жұқтырғандар – Жапониядағы Diamond Princess лайнерінен оралғандар. 15 адам вирус жұқтырса, 42 адам карантинде тексеріліп жатыр.

26 ақпан күні Нью-Йорктің бұрынғы мэрі, АҚШ президенттігіне үміткер, миллиардер Майкл Блумберг Чарлестонда (Оңтүстік Каролина) өткен пікірсайыс кезінде «АҚШ-та коронавирустың таралуын тежеуге жеткілікті ресурстар жоқ» деп мәлімдеген еді. Блумберг бұл үшін Трампты кінәлаған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации