АҚШ дәрігері бетпердеден еш пайда жоқ екенін айтты

02 наурыз, 13:09

Фото: сурет ғаламтордан алынды

АҚШ-тың бас хирургі Джером Адамс бетперденің коронавирустан қорғамайтынын айтты. Бұл туралы дәрігер Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

Алматы, NEGE. «Бетперде сатып алуды қою керек! Олар коронавирус жұқтырған адамдардан қорғай алмайды. Ол медициналық қызметкерлердің өзін және олардың өзгелерді жұқтырмауы үшін керек», – деп жазды дәрігер. Дәрігер вирустан қорғанудың басты жолы күнделікті гигиена сақтау екенін айтады.

Еске салайық, мұның алдында коронавирустың тағы бес елде анықталғаны хабарланған еді. Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған еді. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации