АҚШ әлемдегі коронавирусқа қарсы күреске $274 млн бөледі

27 наурыз, 11:33

Фото: Gorodfinansov.ru

АҚШ билігі әлемде тарап жатқан COVID-19 коронавирусқа қарсы күреске $274 млн бөлуге шешім шығарды. Осы қаражат медициналық және гуманитарлық көмек көрсетуге жұмсалады. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Майк Помпео мәлімдеген.

Алматы. NEGE. Помпеоның айтуынша, бұл қаржы пандемиядан қатты зардап шегіп отырған 64 елге берілмек. Қаражат босқындар ісі жөніндегі БҰҰ жоғарғы комиссары басқармасына бөлінеді. Ондағы мақсат – халықтың әлеуметтік жағынан ең осал бөліктеріне көмек көрсету.

АҚШ COVID-19-бен ауырған адамдардың саны жағынан бірінші орынға шықты. Жұқтырған адамдардың саны 83 мыңнан асып жығылған. Бүкіл әлемде 520 мың адам індетке шалдығып, 24 мыңнан аса адам көз жұмған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации